"Мемлекет басшысы интернет- конференцияның тақырыбы ретінде инновация тақырыбын таңдады, сол себепті ақпараттық шараға "Қазақстан - энергия және инновациялар" тақырыбы басты арқау болуда.
"Мемлекет басшысы интернет конференция барысында ең басты деп танылған 30 сұраққа жауап беруде.
Президент on-line режимінде 2 сағат ішінде сұрақтарға жауап қайтарады. "Сұрақтарға мемлекет басшысының өзі тікелей жауап береді. Алдын-ала дайындық көзделмеген. Президент ахуалды және ақпараттарды жақсы білетіндіктен сұрақтарға бірден жауап береді",- деді президенттің баспасөз хатшысы Е.Байжанов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 7-маусым күні Астана уақытымен сағат 10 мен 12 арасында мемлекет басшысының on-line интернет-конференциясы өтеді. Президентке қоятын сұрақты электронды үкіметтің сайты арқылы немесе akorda@e.gov.kz электронды пошта адресіне жолдауға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті