Астанада мемлекет басшысының қатысуымен "Елдің бәсекелестік қабілетін көтерудегі мемлекеттік қызметтің ролі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды

Н. Назарбаев "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің моделін жаңалаудың басты көзқарастары" деген тақырыпта баяндама жасайды деп күтілуде.

Конференцияға Франция, Ұлыбритания, Германия, Голландия, Ресей, Сингапур елдерінің мемлекеттік басқару саласындағы сарапшылары, президент әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың өкілдері, парламент депутаттары, ҚР президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары мен оқытушы-профессорларының құрамы қатысуда.