Саяси кеңес партияның "Қазақстанның гүлденуі мен қазақстандықтардың әл-ауқаты : еліміздің әрбір азаматының өмірін қалай жақсартамыз" атты бағдарламаны жүзеге асыру жобасын қарап бекіту жоспарланған.
"Бағдарламада халықтық партияның 2008 -2012 жылдардағы тұғырнамасын жүзеге асырудың басты бағыттары, тетіктері мен ресурстары айқындалған", -делінген баспасөз баянында.
Бағдарламада алға қойылған басты мақсаттар қазақстандықтардың өмір сапасын көтеру, Қазақстанда жоғары технологиялы әрі бәсекеге қабілетті экономиканың негіздерін құру, саяси жүйенің тұрақтылығы мен тепе-теңдігін нығайту, қазақстандық отаншылдықты нығайту, сондай-ақ, тиімді сыртқы саясат жүргізу болып табылады.
Партияның саяси кеңесінің отырысына ҚР парламентінің сенаты мен мәжілісінің депутаттары, үкіметтің басшылығы мен мүшелері, президент әкімшілігінің өкілдері, облыстық мәслихататрдың хатшылары, орталық бақылу-ревизиялық комиссияның мүшелері, партияның өңірлік филиалдарының жетекшілері, партияның облыстық мәслихаттардағы депутаттық фракцияларының жетекшілері қатысты.