“Сьезде басымдық берілген бір міндет ретінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған “Қазақстанды дүниежүзінің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің санатына қосу стратегиясы” атты жолдауын жүзеге асыру жолдары қарастырылады”,- деп хабарлайды партияның баспасөз қызметі.
“Отан” республикалық саяси партиясының кезектен тыс ІX съезіне 470 делегат шақырылған. Оған еліміздегі басқа саяси партиялардың жетекшілері, мемлекеттік басқару органдарының, ұлттық компаниялардың, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымның, қоғамдық, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының, БАҚ-тар мен партияның “Жас Отан” жастар қанатының өкілдері қатысады.
Сьезге қатысушылар Қазақстан қоғамын саяси модернизациялаудың басты бағыттарына және “Отан” партиясы іс-қызметінің “Қазақстанның жолы -2009” бағдарламасына сәйкес стратегиялық басымдықтарына қатысты мәселелерді талқылайды.
Сьезде “Отан” республикалық партиясының қазіргі саяси кеңесінің мүшелері мен орталық бақылау-ревизиялық комиссиясының есептері тыңдалады. Саяси кеңес пен орталық бақылау-ревизиялық комиссиясының жаңа құрамы сайланады.