"Құрылтайдың басты тақырыбы - "Отан" партиясымен бірігу жайы болмақ",- деп хабарлайды Азаматтық партияның орталық комитетінің аппаратынан. "Қазіргі жағдаймен "Отан" - басым күшке ие партия, онымен бәсекелесе алатын ешбір партия жоқ. Бұл осы сьезді өткізуге себеп болып отырған бір себеп",- деді Азаматтық партияның төрағасы Азат Перуашев журналистерге.
Азаматтық партияның облыстық және қалалық конференцияларынан сьезге 302 делегат сайланған. Құрылтайға 296 делегат келді. "Сьезді өткізуге қажетті кворум қалыптасты", деп хабарлайды сьезд хатшылығының есеп комитеті.
Азаматтық партияның 150 мың мүшесі бар.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті