Астанада мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер үлестіріле бастады

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында жазылды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Астана қаласы тұрғын үй басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта коммуналдық меншікке Сарайшық көшесінің оң жағындағы (Жұмабаев көшесінің шығысына қарай Лот 1 (Лот 5) орналасқан тұрғын үй кешендерінен үш бөлмелі пәтерлер тапсырылды.

Осыған байланысты, тұрғын үй комиссиясының 2017 жылғы 24 қаңтардағы отырысында, алған баллдарға сәйкес осы күнге дейін тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген тұрғын үй комиссиясының оң шешімін алған азаматтар арасында, көрсетілген тұрғын үй кешендерінен пәтерлер бөлу жүргізілді. Тізімді мына сілтеме бойынша көруге болады.


Астана қаласының тұрғын үй басқармасында пәтерлерді сатып алу-сату шарттарын жасау бойынша жұмыс басталды (Сейфуллин көшесі, 30 үй, 11 кабинет). Сатып алу-сату шарттарын жасау жұмыс күндері сағат 8.30-дан 13.00-ге дейін жүргізіледі.