"Біз Астанада екі топ құрып, оның біріншісін қала әкімі Асқар Мәмин, екіншісін индустрия және сауда министрі Ғалым Оразбақов басқарады ", -деп хабарлады Ө. Шүкеев.
"Жұмыс топтары құрылыс кестесін, оның екінші деңгейдегі банктер тарапынан жүргізіліп отырған қаржыландыруын, "Қазына" ТДҚ қаржы бөлуін және құрылыс нысандарының капиталандыру графигін бақылайтын болады", -деп түсіндірді ол.
"Бұл мәселелер бойынша түйіткілдер туындайтын болса, сол бойынша шұғыл әрекеттер мен шешімдер қабылданатын болады ", - деп атап өтті Ө. Шүкеев.
Ол атап өткеніндей, жұмыс топтары Астана бойынша бөлінген бюджеттік қаржыны игерудің механизмін толық жолға қоймайынша, "басқа құрылыстар қаржыландырылмайды".
Вице-министрдің ақпараты бойынша екінші деңгейдегі банктер Астанада 112 құрылыс нысанның тұрғын-үй бағдарламасы бойынша қаржыландыруы тиіс 6 ғимарат бойынша құрылыс компанияларымен қарым -қатынас жасаудан бас тартты.