Баспасөз орталығының ақпаратына сүйенсек, министрлік ұйымдастыру-тәжірибелік шараларының жоспарын жасаған. Ішкі істер органдарының күшімен және қаражатымен дайындық, басқару және үйлестіру жөніндегі арнайы штаб құрылған.
А. Шпекбаев қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге полиция мен ішкі әскердің әскери қызметкерлерінің 4 мың қызметкері, оның ішінде, ІІМ Қарағанды заң институтының, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының ІІД қызметкерлері қатысатынын атап көрсетті.
Мерекелік шаралардың қарсаңында Астанада "Қоғамдық тәртіп" оперативтік-профилактикалық шараны өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР ІІМ ақпарат және қоғамдық байланыс орталығы.