Астанада мерекелік этноауыл ашылады


Саябақ аумағында барлығы 5 киіз үй тігіледі. Сонымен қатар көпшіліктің назарына «Шаңырақ көтеру» дәстүрі ұсынылады. 
Мұнда келген барлық астаналықтар өз қолдарымен киіз үй құрастырып, көшпенді халықтың үй тігу мәдениетімен таныса алады.
Этноауылдың ерекшеліктерінің бірі - шеберлер үйінде ұлттық әшекейлер мен бұйымдар қойылады. Қонақтар қолөнер шеберлерінің кілем тоқып, зергерлік бұйымдарды соғып, ағаш ойған сәттерін тамашалай алады. Аталмыш киіз үйде қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі де ұйымдастырылмақ.
Бұл жерде тігілетін тағы бір ерекше киіз үй - саятшылар үйінде көшпелі халыққа тән аңшылық өнердің қыр-сырымен танысуға болады.