Мәдениет күндері аясында фотокөрме, моңғол киносының көрсетілімі және өнер шеберлерінің концерті ұйымдастырылады. Мәдени шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, «Қазақ әуендері» АҚ ұйымдастырады.
«Моңғол кинематографистерінің туындылары «Сарыарқа» Сауда орталығында, «Кинопарк 8» кинотеатрында көрсетіледі. 11 қарашада сағат 16.00-де «Әке» және 19.00-де «Oxygen», ал 12 қарашада 16.00-де «Жексұрындық» және 18.00-де «Татар» фильмдерінің көрсетілімі өтеді. 13 қарашада сағат 18.00-де Конгресс-Холл сарайында қазақстандықтардың назарына фотокөрме және моңғол өнер шеберлерінің концерті ұсынылатын болады», делінген таратылған хабарламада.