Астанада монша өртеніп, 120 адам қауіпсіз жерге шығарылды


(«Нұр Отау» тұрғын үй кешені) цокольдық қабатында орналасқан «Демалыс» моншасынан өрт шықты.

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің ақпараттық орталығынан хабарлады.

Тілсіз жау 03:39-да тіркеліп, 03:51-де сөндірілді. Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ «МАО» ММ 1 техникасы мен 3 адамы, Астана қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 9 техникасы мен жеке құрамының 40 адамы жұмылдырылды. 10 шаршы метр жер отқа оранды. 120 адам қауіпсіз жерге шығарылды, оның ішінде 15-і балалар. Бәрі де дін аман.