Астанада моншадағы жарылыс салдарынан бір адам мерт болып, тағы екеуі жараланды

Мекеме ақпаратына сәйкес, апат Алматы ауданында 27 -ақпанда 20 сағат 35 минутта болған. Қоғамдық моншаның бу қазандығында қазандықтың жарылуы салдарынан 200 шаршы метр аумақта шатыр құлап, қабырғалар жартылай қирады.

Апат салдарынан 40-50 жастар шамасындағы бір ер адам оқиға орнында мерт болып, тағы екі адам күйікпен және түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті