Астанада мүгедек балалар мен олардың ата-анасы қоғамдық көлікте тегін жүреді

Астанада бүгіннен бастап 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар мен олардың заңды өкілі қоғамдық көліктерде тегін жүреді, деп хабарлайды elorda.info. 

Астана қаласы мәслихатының шешімі 4 мамыр, яғни бүгіннен бастап күшіне енеді. Оған сәйкес, мүгедек балалар қоғамдық көліктердің қызметін бұрынғыдай 7 жасқа дейін емес, 18 жасқа дейін тегін пайдалана алады. 

"Бұған қоса, мүгедек балалардың ата-аналарының біріне де (заңды өкілі) тегін жүруге рұқсат етілмек. Бұрын бұл құқық тек мүгедек баланы алып жүргенде ғана берілетін", — деп мәлімдеді Astana LRT баспасөз хатшысы Науат Азанбаева.

Оның айтуынша, осы жылдың 1 маусымына дейін жеңілдікке ие азаматтар қоғамдық көліктерде қағаз куәлігін (зейнетақы кітапшасы) көрсету арқылы тегін жүре алады. Ал көрсетілген датадан кейін олар Қажымұқан, 14 көшесіндегі Орталық кассадан өздерінің аты-жөні жазылған көлік картасын алуы тиіс.

Оқи отырыңыз:

Георгий лентасы мектептерді тағы да шулатып жатыр

Қытай консулы түрмеде отырған қазақтарды босатуға уәде берді

65,7 мың қазақстандыққа шетелге шығуға тыйым салынды