Қайғылы оқиға Есілдің сол жағалауында, құрылысы қазір салынып жатқан "Ұлан" сауда үйінің аумағында болған. "Қазинтерқұрылыс" ЖШС-нің жұмысшылары КБ-403 мұнаралы шығыранды монтаждап жатқан сәтте шығыранның кабинасы құлаған. Соның салдарынан 35 жастағы жұмысшы оқиға орнында мерт болып, 30 жастағы тағы бір жұмысшы ауруханаға түсті.