Астанада музыкалық-сахналық жанрдағы алғашқы ұлттық туынды - «Бәйтерек» балетінің премьерасы өтеді

«Бәйтерек» қойылымы Мәдениет министрлігінің 2010 жылдағы ауқымды жобаларының бірі және ол жанр, стилистика, хореграфия, пластика, ырғақ, оркестр, сценография жағынан мейлінше күрделі туынды.

Музыкасын жазған дарынды композитор, КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор, қазақ халқының аяулы қызы, ұлы композитор Ғазиза Жұбанованың бел шәкірті Әділ Бестібаев.

Қоюшы-балетмейстер - Санкт-Петербордағы Римский-Корсаков атындағы опера және балет театрының бас балетмейстері, 2008 жылғы Ресей Президенті сыйлығының иегері Давид Авдыш. Қоюшы дирижер - Айдар Әбжаханов. Қоюшы-суретші, Ресейдің еңбек сіңірген суретшісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Вячеслав Окунев (Санкт-Петербор). Костюмдер бойынша суретшілер - Петр Окунев, Ольга Шаишмелашвили (Санкт-Петербор), балетмейстер ассистенттері Ғалия Бөрібаева (Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері), Юлия Потапова (Санкт-Петербор).

Музыкалық-сахналық туынды ретінде әлемдік балеттің биік талаптарына сәйкес жасалған «Бәйтерек» туындысы екі күн қатарынан Бейбітшілік және келісім сарайында (сағат 18.00-де) қойылады.