Съезге "Нұр Отан" ХДП төрағасының бірінші орынбасары Әділбек Жақсыбеков, партия төрағасының орынбасары Сергей Громов, парламент депутаттары, еліміздің жастар ұйымдарының жетекшілері, шетелдердің жастар ұйымдарының өкілдері қатысуда.
Съез жұмысы қоғамдағы жастардың күшін біріктіруге, Қазақстан президентінің жолдауынан және оның "Нұр Отан" ХДП-ның саяси кеңесінде сөйлеген сөздерінен туындайтын мақсаттарды шешу жолдарын талқылауға бағытталады. Съезде "Жас Отан" жастар қанатының іс-әрекеттерінің стратегиясы бекітіледі деп күтілуде .
Құрылтай аясында партияның мамандар резервінің бағдарламасы таныстырылады. Делегаттар "Жас Отан" жастар қанатының жарғысын қабылдап, "Жас Отан" жастар қанатының орталық кеңесінің жаңа құрамын сайлайды.
Съезге 300 аса делегат қатысуда.