Астанада өндірістегі оқыс оқиға салдарынан екі жұмысшы зардап шекті

ТЖМ мәліметінше, Астана қаласының Алматы ауданындағы Тәуелсіздік, Орынбор және Гастелло көшелірінің қиылысында "Инженерная корпорация" ЖШС салып жатқан "Новый Мир" тұрғын үй кешенінің алаңында 13 тамызда сағат 09.00-де газбен дәнекерлеу құрылғысымен битумды қыздыру барысында газды-ауалы қоспа тұтанды. Соның салдарынан екі жұмысшы ауруханаға жеткізілді.