Шараға Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Владимир Бабичев, Ресейдің әскери атташесі Владимир Южаков, ҚР Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитетінің тәрбие және психологиялық жұмыстар департаментінің бастығы Болат Нәзіров, Әзербайжанның әскери атташесі Габил Мамедов пен Ресей елшілігінің қызметкерлері қатысты.
Баспасөз қызметінің хабарламасында атап көрсетілгеніндей, "Отан қорғаушылар күніне арналған шараның биыл Ұлы отан соғысындағы жеңістің 60 жылдық мерейтойын атап өту ауанында өткізіліп отыруымен ерекшеленеді". Осыған орай шараға қатысушылар Отан қорғаушылардың рухына тағзым етіп, еске алды.
Ал кешке Ресейдің ғылым және мәдениет орталығында Отан қорғаушылар күніне орай қонақасы беріледі.