“Осындай фестиваль өткізу дүниежүзілік музыка қоғамдастығының назарын Қазақстан Елордасына тартуға септігін тигізеді”,- деді Т.Әлпиев.
Оның айтуынша, “фестивальға атақты опера солистері қатысады. Атап айтсақ, Ресейден Дмитрий Хворостовский, АҚШ-тан Андреа Бейкер, Мексикадан Хуэль Монтеро, Түркиядан Эрдем Байдар келеді».
Сонымен бірге фестиваль аясында Джакомо Пуччинидің «Тоска» операсының мен Англия сазгері Карл Дженкинстің “Тлеп” атты вокалды-инструменталдық шығармасының премьерасы өтеді.