Астанада оқушы өліміне байланысты мектеп директоры сөгіс алды


Дәл осындай сөгіс Астана қалалық білім басқармасы басшысының орынбасарының біріне жарияланған. Директор мен мектептердегі тәрбие жұмысына жауапты болған  шенеунікке, бақылауды азайтқан деген кінә артылып отыр. Қайғылы оқиғаның себеп салдарын анықтап жатқан комиссия өз жұмысын  әлі аяқтамағанын ескерсек, әлі бірнеше адамның еңбек кітапшасы бүлінуі мүмкін.  Естеріңізге сала кетсек, 10 тәулік бұрын 1-қыркүйекте жаңадан ашылған Астанадағы  №76 мектепте жантүршігерлік қылмыс болды. 8 сынып оқушысы құрдасының кеудесіне канцеляриялық пышақ сұғып өлтірген еді.  Кейін қолын қанға малған 13 жастағы жасөспірімнің психатриялық орталықта тіркеуде тұрғаны анықталды. Қазіргі таңда прокурорлар мұндай сырқаты бар баланың мектепке қалай қабылданғанын тексеру үстінде. Қазір ол үйінде анасының жанында отыр.