Астанада оқушылардың жаппай улануына қатысты қылмыстық іс қозғалды


Оның нәтижесінде№18 және №52 мектеп асханасының есігіне қара құлып салды. Бұған Елордадағы мақтаулы гимназияда балалардың жаппай уланып қалуы себеп. Себебі аталған 3 мектепке де бір кәсіпкер қызмет көрсетеді екен. Жеке серіктестік 10 күн бұрын ғана тендерде жеңіске жетіп жұмысқа кіріскен. Бірақ аз уақыттың ішінде, тағамдарына қатысты талай шағым түсіп үлгеріпті. Соңы тіпті қайғылы жағдайға соқтыра жаздады. Қазір алдын-ала болжам бойынша, ірімшіктен ұшынған 3-ші сыныпта оқитын 11 оқушы үйлерінде ем алып жатыр. Санитарлық ережелердің бұзылуына қатысты  қылмыстық іс бойынша, басты күдікке сол жеке кәсіпкер ілігіп отыр. Ал күллі елге аты шыққан гимназиядағы оқыс оқиғаны Білім министрінің өзі бақылауға алған.