Астанада органшылардың VII халықаралық Азия туры өтеді

«2011 жылғы 2-3 қыркүйекте Астанада Қазақ Ұлттық Музыка Академиясының төрінде Микаэл Таривердиев атындағы органистердің VIIХалықаралық конкурсының Азиялық айналымы болып өтеді, деп хабарлады ҚР Мәдениет министрлігінің Баспасөз қызметінен.

Конкурсқа Казақстаннан жеті, Корея Республикасы мен Жапониядан бір үміткерден қатысады.

Қазылар алқасының құрамында әлемнің танымал органистері – Джеймс Дэвид Кристи (США), Окубо Наоми Мацуи (Япония), Ғабит Несіпбаев (Казақстан), Лада Лабзина (Ресей) бар.

Іс-шараға сыйлы қонақ ретінде – қазақстандық актриса Наталья Аринбасарова, Микаэл Таривердиев мейірімділік қорының президенті, конкурс арт-директоры Вера Таривердиева шақырылды.

Органистер конкурсының Азиялық айналымы Қазақстан Республикасында алғашқы рет өткізіліп отыр. Осы конкурс көрнекті композитор Микаэл Таривердиевтің сексен жылдығымен сәйкес келіп отырғанына ерекше мән беріліп отыр.
Конкурсты өткізгеннен кейін 3 қыркүйекте сағ. 17.00-де Қазақ Ұлттық Музыка Академиясының орган залында «Аз и Я» концерті өткізіледі. Олжас Сүлейменовтың кітабы осы бағдарлама-мәлімдемеге ат берді. Концертті ұйымдастырудың негізгі мақсаты – евразиялық кеңістік идеясының маңыздылығын жеткізу. Бағдарламада Шығыс тақырыптарына бет бұрған шығыс, ресей, еуропа композиторларының туындалары орындалады.

Концерттік бағдарламада музыка мен сөз кезектесе алмасып отырады. Олжас Сүлейменовтың «Аз и Я» кітабынан, Шыңғыс Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», «Қош бол, Гүлсары!», «Ақ кеме», «Кассандра таңбасы» кітаптарынан цитаталар мен өлеңдерді Ресей мен Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс Наталия Аринбасарова оқиды. Концерттік бағдарламаға, сондай-ақ, Микаэл Таривердиев атындағы Халықаралық органистер конкурсы шеңберінде Хироко Иноуэ (Жапония), Лада Лабзиной (Ресей), Венера Сейтбатталова (Қазақстан) сынды лауреаттар қатысып, өз өнерлерін тыңдарман қауымға апш етеді деп күтілуде.

1 қыркүйекте сағат 15.00- де Қазақ Ұлттық Музыка Академиясының VIPзалында іс-шараға қатысушылардың БАҚ үшін Баспасөз маслихаты өтеді.