Астанада Орхусс конвенциясы талаптарын орындау жөніндегі ұлттық баяндаманың жобасы бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді

Астанадағы тыңдауға қатысушыларға сонымен қатар ҚР қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы орталығы бірлесе дайындаған қоғам өкілдерінің экологиялық ақпаратқа деген сұранысы бойынша жұмыс жүргізу туралы жадынама таныстырылады.

Осындй қоғамдық тыңдаулар Семей, Степногорск, Қарағанды, Өскемен, Алматы және Ақтау қалаларында өтті.
"Ұлттық баяндаманың жобасын талқылау үшін қоғамдық тыңдаулар ұйымдастыру арқылы жұртшылықты Орхусс конвенциясын жүзеге асыру бағытында Қазақстанда қолданылып жатқан шаралар туралы құлағдар ету, сондай-ақ, әзірленген құжаттың нақтылығы мен шынайылығын қамтамасыз ету мақсаты көзделеді",- дейді министрліктегілер.
Ұлттық баяндама Орхусс конвенциясына қол қойған тараптардың 2005-жылғы мамырда Алматыда өтетін екінші конференциясына орай әзірленуде.