Астанада өрт салдарынан екі бала көз жұмды


Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Астана қаласының ТЖД өрт сөндіру қызметінің 2 техникасы мен жеке құрамның 10 адамы жұмылдырылды. 5 шаршы метр аумақ жер отқа оранған. Өрттің салдарынан 2008 жылы туған қыз бала мен 2011 жылы туған ер бала құрбан болды.