Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, Құдайберді көшесіндегі тұрғын үй маңынан өтіп бара жатқан офицер көмек сұрап ышқынған дауыстарты естіген. Үйдің кіреберісі көктүтінге оранған. Әскери қызметші дереу өрт қызметін шақырып, өзі көмек көрсетуге асыққан.
Өрт сөндірушілер келгенген дейін Ж.Баталов отқа оранған пәтерден үш баланы алып шыққан.