Астанада өтетін Димаштың концерті: көрермендер үшін арнайы автобустар қатынайды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Көрермендердің қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету, сондай-ақ, жол кептелісін болдырмау мақсатында автобустар бірнеше орыннан аттанатын болады. Нақтырақ айтқанда:

Салтанат Сарайы;

"Әзірет Сұлтан" мешіті;

Бас мешіт.

Іс-шара өтетін орынға жеке көлікпен кіруге тыйым салынады. Арнайы автобустармен жол жүру концерт билетін көрсеткен кезде ғана мүмкін болады.

Автобустар сағат 17.00-ден бастап қатынайтын болады.