Caravan Logo

Астанада өтетін Сирияға қатысты келіссөзге АҚШ-тан кімнің келетіні айтылды

Астанада өтетін Сирияға қатысты келіссөзге АҚШ-тан кімнің келетіні айтылды

"Астанада 4-5 шілдеде өткізілетін Сирия жөніндегі келіссөздерге АҚШ атынан Мемлекеттік хатшының Таяу Шығыс істері бойынша көмекшісі қызметін атқарушы Стюарт Джонс қатысады", — делінген елшіліктің сейсенбі күні жарық көрген хабарламасында. 

Бастапқы үш кездесуде АҚШ өкілі Қазақстандағы елші Джордж Карл болған еді. Ал алдыңғы – төртінші  кездесуде оны Стюарт Джонс алмастырған.