Тәжікстан президентінің жанындағы мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, Тәжікстан Республикасынан бұл кездесуге комитет төрағасы Матлубхон Султонов пен аталмыш комитеттің мемлекеттік бюджет және мемлекеттік қорлардың орындалуын қадағалау басқармасының бастығы Абдулхай Усмонов қатысады.
Комитет мәліметіне сәйкес, үш күнге созылатын сессия жұмысының соңғы сатысында жоғарғы қаржылық бақылау органдары іс-қызметінің ашықтығы мен жариялылығы, түрлі билік тармақтарымен өзара ықпалдастығы туралы Кеңес Декларациясы қабылданады. Бұл құжат аталмыш екі өлшемді жоғарғы қаржылық бақылау органдары іс-қызметінің басты принциптерінің бірі ретінде жариялайды. Принциптер экономиканы басқарудың демократиялық негіздерін жүзеге асыруды, мемлекеттің бақылау іс-қызметінің тиімділігін, қоғамды жемқорлық және басқа да заң бұзу әрекеттерінен сақтауды қамтамасыз етуі тиіс.
Сондай-ақ, тараптар ТМД-ға қатысушы елдердің жоғарғы қаржылық бақылау органдары тарапынан тиімділікті қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар мен органдар іс-қызметінде қолданылатын терминдер тізімін бекітеді.
Сессия жұмысына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина елдерінің жоғарғы қаржылық бақылау органдарының өкілдері қатысады.