Астанада өтетін түйе балуандар турниріне Қызылорда облысынан 4 талапкер қатысқалы отыр


Сыр бойы шеберлері атынан сынға түсетін бұл төрт ұлан облыс ауылдары мен аудандарында бір жылға жуық уақыт бойы жүргізілген іріктеу сайыстарының қорытындысында анықталды. Ақырында облыс орталығында болғын ақтық сын Ұлан Рысқұл, Руслан Әбдіразақов, Жасұлан Досымов және Ерболат Жүсіпов сынды боз кілем шеберлерінің бағын жандырды.