Астанада өткен аптада электр жарығын өшіруге қатысты 11 оқиға тіркелді

"Істен шыққан барлық желілер уақтылы жөнделді. Осы уақыт аралығында қалада 3 өрт тіркеліп, оның шығыны 100 мың теңгені құрады. Ал аман сақтап қалған материалдық заттар құны 1,5 млн теңге", - деп хабарлады әкім орынбасары.

Оның сөзіне қарағанда, 5-11 қараша аралығында Астанада 26 қылмыс тіркеліп, оның 20 ашылған. Орын алған жеті жол көлік апатында 8 адам жарақаттанды. Жол көлік басқармасының полициясы 1746 жол жүру тәртібінің бұзылғанын анықтаған, екенін С. Хорошев құлағдар етті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті