Астанада өткен «Ұлы дала сазы» фестиваліне Батыс Қазақстаннан Ермек Қазиев пен Асхат Оразов қатысып қайтты

Фестивальда Ермек Қазиев Құрманғазының «Бұлбұл» күйін орындаса, Асхат Оразов Мұхиттың әнін шырқады. «Фестиваль барысында әр тараптан келген орындаушылар сол өңірдің туындыларын ұсынды. Бұл ретте Батыс Қазақстанның да өзіндік күй және ән дәстүрі бар. Біз соны өз қалпында жеткізуге тырыстық. Концерт соңында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай бәріміздің қолымызды алып, мерейімізді бір өсіріп тастады. Министрліктің мақтау қағазы мен «Алтын қобыз» сыйлығы табыс етілді», деді домбырашы Е.Қазиев.