Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Элит Сымбат" ЖШС-нің базасы аумағында кеше 10 сағат 55 минутта жеке меншік "Береке" кәсіпорны жалға алған оттегі баллондарын толтыруға арналған жерде оттекті баллон жарылды. Жарылыс салдарынан "Береке" кәсіпорнының үш жұмысшысы қаза тапты.
"Төтенше жағдайдың зардаптатын жоюға ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы, "ЦРАОСО" МК-ның 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті