Астанада өздерін полиция қызметкерлеріміз деп таныстырып, қарақшылық шабуылмен шұғылданған қылмыстық топ әшкереленді

Ж.Битеновтың айтуынша, 4-қарашада тәнін сатумен шұғылданатын қыздар тұрған пәтерге қарақшылық шабуыл жасалған. Жәбірленушілердің айтуынша, клиенттер олардың үшеуін алдымен саунаға шақырған, "артынан өздерін полиция қызметкерлеріміз деп таныстырып, жасанды куәліктер көрсету арқылы әлгілерден ақша талап еткен. Ал куәліктерде олардың жезөкшелікпен күрес бөлімінде істейтіндігі жазылған көрінеді".

Қыздарды қаланың сыртына алып шыққан тонаушылар пышақ пен бейсбол таяғын көрсетіп қорқыту арқылы әр қыздан 50 мың теңге талап екен. Осыдан кейін қылмыскерлер жезөкшелер тұратын пәтерге келіп, 100 мың теңге, ноутбук, төрт ұялы телефон мен алтын бұйымдарды алып кеткен.

"Жәбірленушілердің бірі тонаушылар мініп жүрген шетелдік автокөліктің мемлекеттік номерін жаттап алған",- деді Ж.Битенов. Оның айтуынша, күдіктілер ұсталғаннан кейін автокөлікті тексеру кезінде таяқ пен пышақ табылып, тұтқындардың бірінің пәтеріндегі тінту кезінде ұрланған алтын бұйымдар, ноутбук пен ұялы телефондар табылған.

"Қазір алдын-ала тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР қылмыстық кодексінің 179-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Онда мүлкін тәрткілеп, 5-12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған",- деді қылмыстық полицияның бастығы.

Сонымен бірге ұсталғандардың осы тектес қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр. "Күдіктілердің біреуінің пәтерінен тағы да бірнеше ұялы телефондар табылды. Солардың көмегімен біз басқа да жәбірленуші жезөкшелермен байланысқа шықтық. Оларға 30-қазанда қарақшылық шабуыл жасалған",- деді Ж.Битенов.

Астана қалалық ІІД қылмыстық полициясының бастығының айтуынша, қылмыскерлер ІІМ-нің қызметкерлері деген жасанды куәліктерді пайдаланған. "Куәліктердегі аттар ойдан алынған. Жезөкшелікпен күрес бөлімі деген жоқ екені өздеріңізге мәлім",- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті