Бұл туралы Tengrinews.kz. Бұл мәліметті қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сәбидің денесі 24 мамырда Есіл өзенінен табылған.
"Астана қалалық Ішкі істер департаментінің өкілдері ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы бойынша ("Жаңа туған баланы анасының өлтiруi") сотқа дейінгі тергеу бастады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сәбидің анасын анықтауға және осы қылмысты ашуға бағытталған кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД өкілдері.