Астанада өзін жарып жіберген подполковниктің артына қалдырған хаты жарияланды

-Жарылыс таңғы уақытта болды.  Қорғаныс министрлігінде істейтін Арман Сыздықов, осы қоршалған қақпалардың алдына көлігімен келіп тоқтайды. Бірнеше секундттан соң  құлақ тұндырар дүмпу естілген.

Куәгерлердің айтуынша, подполковник жеке көлігінен түскен бойда гранатаны іске қосқан. Әрі жарылғыш затты оң қолымен ұстап тұрыпты. Лауазымды әскеридің өзі сол жерде жан тапсырды.

Сәлден соң Қорғаныс министрлігіне криминалистер пен полиция дереу жетті.  Алдыңғы терезесінің тас-талқаны шыққаны болмаса,  көлікке айтарлықтай зақым келмеген. Жарылыс болған жерді  сарбаздар топырақпен көміп жатыр. Жасыруға тырысқанымен марқұм мінген машинаның қалдықтарын, офицердің әскери киімінің түймесін, қан іздерін, бірнеше метрге шашырап кеткен әйнектің сынықтарын  анық көруге болады.  Бұл маңнан қарапайым адамдардың әрлі-берлі көп өтетінін ескерсек, құдай сақтап ешкім зардап шеккен жоқ. Ал  аяқ-асты дүрбелеңге түскен генералдардан жаппай маза кеткен.

Ал өзін жарып жіберген 40 жастағы Арман Сыздықов осы. Марқұм Қорғаныс министрлігінің ақпараттандыру және телекоммуникация  басқармасында істеген. Подполковник артына жантүршігерлік әрекетінің себебін түсіндіріп, тілдей хат қалдырыпты. Кейбір болжамдар бойынша, офицер қолындағы жарылғышты ғимаратқа алып кірмек болған. Десек те,оқиғаның қалай болғаны Қорғаныс министрлігің қақпасына орнатылған мына камераға жазылып қалғаны анық. Әрі бұл нағыз әкімшілік орталық екенін ескерсек, лауазымды әскеридің қозғалысы, қайда аялдағаны бәрі-бәрі көшелердегі бақылау камерасынан түгел алынатын болады.


-Қорғаныс министрлігі бұл лаңкестік болуы мүмкін деген ақпаратты мүлдем жоққа шығарып отыр. Әзірше, дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеушілер  подполковник Арман Сыдықов «қорлық көрсетті» деп жазып кеткен қос бастығынан жауап алып  жатыр. 

Loading...