Тергеушілер Қорғаныс министрлігіндегі Арман Сыздықов басқарған бөлімнен 800 миллион теңгенің тауары ұшты-күйлі жоғалғанын анықтапты. Тексеру жыл басында жүргізілген екен. 8 түрлі техника мен өзге де бағалы мүліктердің жоқтығы сол кезде әшкереленіп отыр. Осы берешекті бастықтар марқұмның мойнына ілмек болған деген күдік бар. Қазір Арман Сыздықовты суицидке итермеледі деген екі лауазымды басшыға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Яғни, подполковниктің ақырғы хатында аты-жөні жазылған екі әскери жауапқа тартылуы мүмкін. Сыздықовтың жеке өміріне де қатысты жаңа мәліметтер бар. Марқұм 14 жыл бұрын анасы қайтыс болғанда қатты қайғырып, тіпті невропатологтың көмегіне жүгінген екен. Сонымен қатар, Сыздықов соңғы хатында заңды жары Гаухардың емес, азаматтық некедегі әйелі Айманға аманатын айтқан. Подполковниктің компьютерлік ойындарға құмар болғаны, әлеуметтік желілерде өзін «Номад» деген лақап атпен атағаны анықталды.
Loading...