Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Ол сәрсенбі, 20 мамырда өтеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Конституцияның 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес 2026 жылғы 20 мамырда сағат 10:00-де Астана қаласында Парламент палаталарының бірлескен отырысы шақырылсын", – делінген өкім мәтінінде.
Парламент қос палатасының бұған дейінгі бірлескен отырысы жұма, 15 мамырда өткен болатын. Сенат пен Мәжіліс депутаттары бірнеше конституциялық заң жобасын қарады.