Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Отырысқа сенаттың 34, мәжілістің 60 депутаты қатысып отыр. "Қажетті кворум қалыптасты",- деп мәлімдеді отырысты ашқан мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай.

Отырыста "Электр энергетикасы туралы" заңға енгізілетін толықтырулар туралы" заң жобасы бойынша Қазақстан президентінің қарсылығы қаралады. Сондай-ақ, парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында депутаттар ҚР Конституциялық кеңесінің "Қазақстандағы конституциялық заңдылықтың сақталуы туралы" жолдауын тыңдап, парламент депутаттарының іссапарға шығу тәртіптеріне толықтырулар енгізу мәселесін қарайды деп күтілуде.