Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Отырысқа сенатың 33, мәжілістің 61 депутаты қатысып отыр. "Қажетті кворум қалыптасты" ,- деді парламент палаталарының бірлескен отырысын ашқан мәжіліс спикері Жармахан Тұяқбай.

Отырыс барысында халық қалаулылары үш түрлі мәселе талқыламақшы. Біріншісі, "Сайлау туралы" Конституциялық заңға өзгерістер енгізу мерзімі туралы, екіншісі - кейбір Конституциялық заңдарға мемлекеттік басқару деңгейлері мен бюджеттік қарым-қатынастар арасындағы құзырет аясын шектеу мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтрыулар енгізу мерзіміне қатысты мәселелер. Отырыста талқыланатын үшінші мәселе - үкімет пен республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитетінің 2003-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін тыңдау болмақ.