Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Отырысқа сенатың 33, мәжілістің 56 депутаты қатысып отыр. "Қажетті кворум қалыптасты" ,- деді парламент палаталарының бірлескен отырысын ашқан мәжіліс спикері Жармахан Тұяқбай.

Бірлескен отырыста "Мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзырет аясын ажырату және бюджеттік қарым-қатынастар мәселесіне арналған Қазақстан Республикасының кейбір Конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық заңының жобасы алғашқы оқылымда қаралады.