Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Отырысқа мәжілістің 57, сенаттың 31 депутаты қатысып отыр. "Қажетті кворум қалыптасты" ,- деді парламент палаталарының бірлескен отырысын ашқан мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов.

Бүгін депутаттар "2005-жылғы республикалық бюджет туралы" заң жобасын екінші оқылымда қарайды деп күтілуде.