Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Отырысқа мәжілістің 69, сенаттың 32 депутаты қатысып отыр. "Қажетті кворум қалыптасты",- деді отырысты ашқан мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов.

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының "Сайлау туралы" Конституциялық заңына енгізілетін түзетулерді сенат пен мәжілісте алғашқы оқылымда қарау мерзімі анықталады.