Астанада парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды

Отырысқа сенаттың 31, мәжілістің 61 депутаты қатысып отыр.

"Қажетті кворум қалыптасты",- деді отырысты ашқан мәжіліс спикері Орал Мұхамеджанов.
Бұған дейін де хабарлағанымыздай, бүгінгі отырыста ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов еліміздегі конституциялық заңдылықтың сақталуы жайлы баяндама жасайды. Сонымен бірге отырыста 2004-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы үкіметтің есебі тыңдалады.