Астанада парламент палаталарының осы сессиядағы соңғы біріккен отырысы басталды

Отырысқа мәжілістің 57, сенаттың 34 депутатты қатысып отыр. "Қажетті кворум қалыптасты",- деді отырысты ашқан мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов.

Қос палатаның отырысына үкімет толық құрамда және президентке бағынышты мемлекеттік мекемелерердің жетекшілері, ҚР Жоғарғы соты мен Конституциялық кеңесінің, сондай-ақ, мемлекеттік биліктің басқа да орталық органдарының жетекшілері қатысуда.