Астанада парламент палаталарының осы сессиядағы соңғы бірлескен отырысы басталды



Отырысқа мәжілістің 65, сенаттың 35 депутаты қатысып отыр. “Тиісті кворум қалыптасты”, деді бірлескен отырысты ашқан мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджанов.

Отырысқа үкімет мүшелері, президентке есеп беретін мемлекеттік мекемелердің жетекшілері, Жоғарғы сот, Конституциялық кеңес пен басқа да мемлекеттік билік органдарының өкілдері қатысуда. Сессияның жабылуына республика үкімет басшысы Даниал Ахметов, президент әкімшілігінің жетекшісі Әділбек Жақсыбеков пен мемлекеттік хатшы Оралбай Әбдікәрімов келді.

Отырыста парламенттің сессия барысындағы жұмысы қорытындыланады.