Бірлескен отырысқа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, үкімет басшысы Даниал Ахметов, үкімет мүшелері, президент әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева мен ҚР Конституциялық кеңесінің төрағасы Игорь Рогов қатысуда.
Отырысқа сенаттың 38, мәжілістің 64 депутаты қатысып отыр. "Қажетті кворум қалыптасты",- деді бірлескен отырысты ашқан мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бірлескен отырыстың күн тәртібінде алтыншы сессияны ашу және Конституциялық кеңес төрағасынан ант қабылдау межеленген.