Астанада пәтер тонаушы екі грузин азаматы ұсталды

"Кеше біз Грузияның екі азаматын ұстадық, олардың бірі дзюдо күресі бойынша ерікті ойындар чемпионы болып табылады. Олар елімізге келген соң Теміртау қаласында тіркеуге тұрған. Біздің қызметкерлер кәнігі пәтер тонаушыларды қылмыс үстінде ұстады", - деді С. Досымов.

Оның айтуынша, олардан пәтерден ұрланған заттар, алтын бұйымдар мен қылмысты жүзеге асыруға арналған құрал-жабдықтар тәркіленді.