Алдымен өрт шөптен тұтанып кейін алаңға қарай ойысқан. Тез таралған жалын әл бермей, ескі автобус пен доңғалақтарды күлге айналдырып жіберіпті. Атысып ойнауды жақсы көретіндер үшін ашылған алаң тек доңғалақтардан тұрады. Сол бықсып жанғандықтан өрт сөндірушілер қала сыртына жетем дегенше, адамдар отты өз бетінше өшіруге тырысқан. Тілсіз жаудың тұтануына жол бойынан лақтырылған темекі тұқылы себеп болуы мүмкін.
Loading...