Бұл туралы Астана әкімшілігінің шет елдермен байланыс жөніндегі комитетінен KZ-today тілшісіне хабарлады.
Облыс күндеріне орай ашылатын көрмеге Пензаның әртүрлі өндірістік 32 кәсіпорынының өнімдері қойылады.
Олардың арасынан қазірдің өзінде Қазақстандық дилерлермен жұмыс істей бастаған"Дера" ЖАҚ және "Термодом" ООО сияқты кейбіреулері ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды көздеп келмек.
Сондай-ақ, Пенза облысының шығармашылық ұжымдары Астана сахналарында өнер көрсетеді деп күтілуде.