Астанада полицейлер жанған оттың ортасында қалған балаларды құтқарды


Өрт осы 10 қабатты үйден шыққан. 3-інші қабаттың балконынан тұтанған от лезде жоғарыға көтеріліпті. Қызыл жалын күндіз, ересектердің көбісі жұмыста болғанда басталған. Сондықтан ата-ананың қарауынсыз қалған балаларды оқиға орнына жеткен полиция дереу сыртқа алып шықты. Десек те, зардап шеккендер бар. Қою түтіннен 3 адам уланып, ауруханаға түскен.